Электрондық еңбек биржасы: ақпанда бос орындар саны 5,3 мыңға өсті

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ деректері бойынша Электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер тарапынан кадрларға қажеттіліктің өсуі байқалады.

Осы жылдың қаңтар айында Электрондық еңбек биржасында 60,4 мың, ал ақпанда 65,7 мың бос жұмыс орны, яғни 9%-ке артық орналастырылған, деп хабарлады ЕХӘҚМ баспасөз қызметі.

Өз кезегінде түйіндемелер динамикасы 6%-ке қысқарды: ақпан айында жұмыс іздеушілер 61,8 мың түйіндеме қалдырған, бұл қаңтардағы көрсеткіштерге қарағанда 3,8 мыңға аз.

«Қазақстандық еңбек нарығында кәсіптер топтары бойынша сұраныс пен ұсыныстың тең бөлінбеуі байқалады. Сонымен, ауыл шаруашылығы жұмысшылары мен біліктілігі жоқ жұмысшылар артық топтар болып табылады: біріншісі үшін 100 бос орынға 245 түйіндеме, ал екіншісінде 100 бос орынға 180 жұмыс іздеуші келеді», – деді ЕРДО Стратегия және жобалық басқару департаментінің директоры Александра Молчановская.

Өнеркәсіп, құрылыс, көлік және өндірістік жабдықтар операторлары салаларындағы жұмыс берушілер үшін мамандардың жетіспеушілігін атап өтуге болады, аталған жұмыс топтарында сұраныс ұсыныстан 2 есе артық. Сонымен қатар қызмет көрсету және сату саласының басшылары мен қызметкерлерінің тапшылығы байқалады, сәйкесінше 100 бос орынға 74 және 68 түйіндеме.

ЕРДО білікті мамандар арасында даяшылар, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілері, автобус жүргізушілері, орта медицина қызметкерлері мен науқастарға күтім жасайтын қызметкерлер жетіспейтінін атап өтті. Біліктілікті қажет етпейтін кәсіптер ішінде порт тасымалдаушылары, қонақ үйлер мен ұқсас мекемелердегі тазалаушылар мен қызметшілер, фермадағы білікті емес жұмысшылар, сондай-ақ ас үйдегі көмекшілер тапшылыққа ие.

Біліктілікті талап ететін кәсіптердің ішінде штаттық заңгерлер, экологтар, кеңсе қызметкерлері, әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру және жүргізу саласындағы қызметкерлер және қаржы мәселелері мен инвестициялар жөніндегі консультанттар артық болды. Біліктілікті қажет етпейтін кәсіптер бойынша қосалқы жұмысшылар, ашық аумақты жинаушылар мен тазалаушылар, кірушілер, жұмысшылар, сондай-ақ қоқыс сұрыптаушылар арасында жоғары бәсекелестік байқалады.

Өңірлік бөліністе өткен айдағыдай бос жұмыс орындарының басым бөлігі Нұр-Сұлтан қаласының (жалпы санынан 7,6 мың немесе 11,6%), Қарағанды (7 мың немесе 10,7%) және Қостанай (6,9 мың немесе 10,6%) облыстарының, сондай-ақ Алматы қаласының (6,3 мың немесе 9,6%) кәсіпорындары мен ұйымдары мәлімдеген. Қызылорда (1,4 мың немесе 2,2%) және Солтүстік Қазақстан (1,7 мың немесе 2,5%) облыстарының жұмыс берушілері бос жұмыс орындарын санын ең аз ұсынады.

«Жұмыс іздеушілерге келетін болсақ, оңтүстік облыстарда жұмыс Қазақстанның басқа өңірлеріне қарағанда белсендірек ізделді. Мәселен, Алматы және Түркістан облыстарында ақпан айында жалпы санның 22%-і, яғни 6,8 мың түйіндеме, ал Қызылорда және Жамбыл облыстарында жалпы санның 17%-і, яғни 5,3 мың адамнан орналастырылды. Осы өңірлерде жұмысқа деген сұраныс ұсыныстан едәуір асып түседі, яғни жұмыс іздеушілер арасында жоғары бәсекелестік байқалады. Мәселен, Түркістан облысында 100 бос орынға 140 түйіндеме, Алматы облысында 243 түйіндеме, Қызылорда облысында 368 түйіндеме, Жамбыл облысында 189 түйіндеме келеді», – деп хабарлады Александра Молчановская.

Сондай-ақ...