432,01 515.14 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәскеуде Б.Момышұлы атындағы мектепте батырды еске алу рәсімі өтті

  • 223
  • UPD: 12:37, 05.03.2021

Мәскеуде Батыр Бауыржан атындағы мектеп бар. Момышұлының есімі 2010 жылы батырдың 100 жылдығы қарсаңында берілді.

Айтпақшы, алдағы уақытта Мәскеу үшін  шайқастың 80 жылдығын кеңінен атап өту жоспарланып отыр. Қазақ батырының атындағы мектепке Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ермек Көшербаев бастаған делегация барып, кездесу өткізді. Мәскеудің Зеленоград әкімшілік ауданына орналасқан оқу ордасында Бауыржан Момышұлын еске алу рәсімі ұйымдастырылды. Келушілер батырдың бюстіне гүл шоқтарын қойды. Панфилов дивизиясына арналған мектеп мұражайымен танысты.

Ермек Көшербаев, Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі:

- Қазақ батырының есімін есте сақтап, елдің бостандығы мен тәуелсіздігі үшін жанын қиған жерлестерімізді жас ұрпаққа үлгі қылған мұғалімдерге ризамыз. 

Андрей Курсаков, Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп директоры:

- Қазақстандық мектептермен бірлесіп жұмыс істейміз. Жақында Момышұлының 110 жылдығына орай тәжірибе және материалдар алмасу үшін онлайн-конференция өткіздік. Бауыржан Момышұлының мұражайын әрі қарай жетілдіріп, экспозицияны цифрландыруды жоспарлап жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы