427,23 518.00 5.85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда өзін Антикор қызметкері ретінде таныстырған алаяқ сотталды

  • 167
  • UPD: 12:58, 05.03.2021
Алматыда өзін Антикор қызметкері ретінде таныстырған алаяқ сотталды

Алматыда өзін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілі ретінде таныстырған алаяқ ұсталды, деп хабарлады Tengrinews.kz ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2020 жылғы желтоқсанда өзін Антикор қызметкері ретінде таныстырып, сенімге кіру және алдау арқылы ақша ұрлаған алаяқ анықталған.

«Ол О.М.Базарбайдан Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот қарауындағы М.Сүлейменге қатысты қылмыстық іс бойынша қылмыстық жазаны жеңілдету үшін Алматы прокуратурасы мен сотының лауазымды тұлғаларына беремін деген сылтаумен бес миллион теңгені алып кеткен. 2021 жылдың ақпанында М.Сүлеймен 10 жылға бас бостандығынан айырылды», - делінген хабарламада.

Күдікті ұсталып, Алматы полициясының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның кінәсі туралы соңғы шешімді сот шығарады.

Хабар 24 телеарнасы