БҚО-да қар құрсауында қалғандар құтқарылды

Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе-Қалдығайты тас жолында қар құрсауында қалған 3 жеңіл көлік құтқарылды.

ТЖД  мамандарының хабарлауынша, құтқару шарасына 5 қызметкер мен 1 техника тартылған. Қарға батқан көліктерде болған 11 адам Қаратөбе ауылына эвакуацияланды. Олардың арасында бір бала болған. Ал кеше кешкісін «Деркөл-Вителки» автожолында ішінде 17 оқушы болған 2 ПАЗ автобусы құтқарылған еді. Бұған қоса 7 жеңіл көліктің жолаушылары да Новостройка кентіне эвакуацияланды. Аймақта күн райының құбылуына байланысты жолдарды жиі жабуға тура келеді. Дәл қазір Орал-Тасқала-Ресей шекарасына дейінгі автожол жабық.