Қазақстандық Qaz Covid-in вакцинасы Өзбекстанда да шығарылуы мүмкін

Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина Өзбекстанда да шығарылуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ташкентке жұмыс сапарымен барған Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осы елдің Денсаулық сақтау ведомствасының басшысымен кездесіп, Qaz-Covid-In препаратын көрші елдің фармацевтикалық кәсіпорындарының бірінде өндіру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Бүгінде отандық вакцина клиникалық сынақтың үшінші фазасынан өтіп жатқанын айтып кету керек. Препараттың алғашқы партиясын сәуір айында өндіріп, ал жаппай екпе егуді жазда бастау жоспарланған. Алексей Цойдың айтуынша, бүгінде Қазақстанда COVID-19-ға қарсы 5 вакцина әзірленіп жатыр.

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Біз өзбекстандық әріптестерімізге Қазақстанда өндіріліп және әзірленіп жатқан вакциналар туралы айттық. Осы орайда коронавирусқа қарсы препараттардың бірін Өзбекстанда шығаруды ұсынып отырмыз. Бұл сұрақты біз әлі талай талқылаймыз. Біздің сарапшылар осы мәселе бойынша егжей-тегжей жұмыс істейтін болады.

Сондай-ақ...