ШҚО-да 200 келіден астам марал мүйізі ұрланды

Зайсан ауданында 230 килограмм маралдың мүйізі ұрланды. Ұры Алматы қаласына өткізіп жатқан жерінен ұсталды, деп хабарлайды Altaynews.kz.

Ол 23 жастағы Зайсан ауданының тұрғыны болып шықты.

Ұрлық өткен жылдың желтоқсан айында болған. Зайсан ауданы полиция бөлімінің «102» жедел арнасына Зайсан қаласында орналасқан жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінің 62 жастағы күзетшінен қызыл кітапқа тіркелген жануардың мүйіздерін ұрлау фактісі бойынша ақпарат түскен.

«Тексеру барысында түнде белгісіз біреу жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің аумағына кіріп, контейнердің аспалы құлыбын бұзып, қораптарды ұрлап кеткені анықталды. Оның ішінде жалпы салмағы 236 килограмнан асатын маралдың мүйіздері болған»,- деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Ағымдағы жылдың ақпан айында күдікті Алматы қаласында ұсталды. Ұстау барысында ер адам ұрланған заттардан құтылмақ болып оларды көлігінен жолдың бойына лақтырып кеткен.

Қазіргі уақытта айғақ заттар тәркіленді. Тергеу жалғасуда.

«Аталған факті ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі 3-тармағы бойынша (тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді», - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ...