loader

Жамбыл облысында бір күнде үш аудан әкімі қызметтен босатылды

Жамбыл облысында бір күнде үш аудан әкімі қызметтен босатылды

Өңір басшысы Бердібек Сапарбаев бір жыл ішінде жұмысы айтарлықтай нәтиже бермеген Меркі, Жуалы аудандарының әкімдерін ауыстырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жақында ғана бес балаға қатысты қайғылы оқиға болған Сарысу ауданында да әкім қызметтен кетті. Бұған дейін Жаңатас қаласы бірнеше күн жылусыз қалып, аудан әкімі қатаң сынға ұшыраған еді. Білікті маман тапшылығы мәселесін көтерген аймақ басшысы ауыс-түйістің әлі де болатынын айтып отыр.

Олжас Сайлаубекұлы, облыс әкімінің баспасөз хатшысы:

- Сарысу ауданының әкімі Бақытжан Жақсылықовтың қызметінен босатылуы Жаңатастағы қайғылы жағдаймен байланыстырылып отыр. Өрт салдарынан шаһарда бес бала көз жұмған болатын. Бұл екі оқиғаның арасында мүлдем байланыстың жоқ екенін ресми түрде мәлімдейміз. Бақытжан Жақсылықовты қызметінен босату туралы шешім өзінің берген өтініші негізінде қабылданғанын хабарлаймыз.

Сондай-ақ...