Ақтөбе облысында қар құрсауында қалған 43 адам құтқарылды

Ақтөбе облысында кеше кештен бері республикалық маңызға ие 6 тас жол жабық тұр.

Бұған қатты жел мен көктайғақ себеп болып отыр. Нәтижесінде, кейбір бағыттарда жүк және жеңіл көліктер кептелісі орнады. Жүргізушілер мен жүздеген жолаушы Хромтау қаласы мен Қарабұтақ және Ырғыз ауылдары маңындағы кемпингтерге орналастырылды. Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері қар құрсауында қалған 43 адамды құтқарды. Олардың арасында бір жүкті әйел мен бес бала бар.