Қызылорда облысында еңбек ардагері биыл жүзінші көктемін қарсы алды

Қызылорда облысында ғасыр жасаған бірнеше қария бар. Соның бірі Күлмаш Жүрсінбаева.

Арал ауданында тұратын әже биыл 100-көктемін қарсы алды. Өткен ғасырдағы аштық, соғыс зұлматын көріп, бертін келе сауда саласында қызмет еткен еңбек арадагері есеп-қисапқа әлі де жүйрік. 9 құрсақ көтерген әжей ою-өрнек кестеленіп, төсбелгілері қадалған қамзолы мен ақ орамалын тартып жылда меймандарын өзі қарсы алады. Арнайы құттықтап келген жұртқа ризашылығын білдірген кейуана елдің амандығын тілеп, ақ батасын берді.

Күлмаш Жүрсінбаева, еңбек ардагері:

- Келін, бала-шағалар аман болсын. Өмір-жастары ұзақ болсын. Несібелері көп болып, уайымдары жоқ болсын. Тілектері қабыл болып, аңсаған армандарына жетсін. Бақытты өмір сүрсін.