Алматыда маска кию тәртібін арнайы патруль қадағалайды

Алматыда нысандардағы әлеуметтік қашықтық пен маска тәртібін арнайы патруль қадағалайды.

Санитарлық жасақ 9 наурыздан бастап жұмысқа кіріседі. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды. Алматы үш күн бұрын «жасыл аймақтан» «сары аймаққа» өтті. Өткен тәулікте 135 тұрғыннан коронавирус анықталды. Дегенмен, санитарлық талапты сақтаған сауда орындары мен базарлар жұмысын жалғастыра береді.