Биыл елордада 5G желісі іске қосылады

Биыл елордада 5G желісі іске қосылады. Жоба пилоттық негізде жүзеге асады.

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек мәлімдеді.

«Заманауи интернет желісі ең алдымен елордаға, келер жылдың соңына қарай республикалық маңыздағы басқа қалаларға жеткізіледі. Ал 2025 жылы барлық облыс орталығы қамтылады», - деді ведомство өкілі.