«Нұр-Сұлтан – Ерейментау» аралығындағы қозғалыс қайта жанданды

«Нұр-Сұлтан – Ерейментау» аралығындағы қозғалыс біртіндеп қалыпқа келіп жатыр.

Бұл жөнінде жолда қалған жүргізушілердің өзі бізге телефон арқылы хабарлады. Алдымен жеңіл көліктер жіберілген. Одан кейін жүк көліктердің жүруіне рұқсат етілді.

Айта кетейік, ауа райының қолайсыздығына байланысты 130-дан аса көлік 3 күн бойы жолда тұрды. Олардың жанар-жағармайы таусылып, ас-суы сарқылған. Қажетті көмек бертін келе жасалды. Қазір көліктер қаз-қатар тізіліп, қозғалысты бастап кетті.