6 наурызда ПТР анықтамасыз 307 ҚР азаматы ұшып келді

2021 жылдың 6 наурызында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, БАӘ, Мысыр, Түркия, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 17 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.

2 561 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 254 адам, анықтамасыз 307 ҚР азаматы келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 13 рейс, 2 128 жолаушы, анықтамамен – 1 889, анықтамасыз – 239;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 433 жолаушы, анықтамамен – 365; анықтамасыз – 68.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде. 5 наурызда шетелден анықтамасыз келген 316 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.