Павлодар итбегілері жыл сайынғы «Ақпан бұрқасыны» жарысында бас қосты

«Ақпан бұрқасыны». Бұл бүгін Павлодар облысында итбегілердің басын қосқан шараның атауы. Дәл қазір «Хабар 24» тілшісі Ақмарал Есімханова бұл доданың қалай өтіп жатқанын айтып беруге дайын.

Диктор:

- Ақмарал, қайырлы күн! Бұл жарыстың ерекшелігі неде?

Ақмарал Есімханова, тілші:

- Қайырлы күн. Дәл қазір біз Павлодар қаласының іргесіндегі белсенді демалыс орталығында тұрмыз. Бұл жерде ит өсірушілер арасындағы жыл сайынғы жарыстар өтуде. Дәстүрлі жүгіріс ақпан айында өтуі тиіс еді. Бірақ карантиндік шектеу шаралары салдарынан наурыз айына қалдырылған.

«Ақпан бұрқасыны» атты жарысқа ел облыстарының және Омбы өңірінің спортшылары жиналды. Олар асылтұқымды иттерімен бірге екі қашықтық бойынша жарысады. Яғни, ересек қатысушылар 4,28, ал жас қатысушылар екі шақырымдық жолды еңсерулері шарт.

Айта кетейік, бұл халықаралық стандарт болып саналады. Бұл байрақты бәсекеде хаски иттерінің бірнеше тұқымы бақтарын сынамақ. Олар қожайындарымен бірге жүгірістің скиджоринг түрі бойынша, яғни, төрт аяқтының иесі шаңғымен жарысады. Спорттық шараға әдетте жегілетін иттер ғана қатысады. Мәселен, хаски маламут тұқымы бар. Сондай-ақ питбульдер де қожайындарымен бірге бақ сынап жатыр. Жарыс басталмас бұрын спортшылардың бірімен сөйлесіп үлгердік. Назар аударсақ.

Анель Моторина, қатысушы:

- Екі итіммен жарысқа қатысуды ұйғардым. Өзім үйретіп, спортқа машықтандырдым. Тыңғылықты жаттықтық, әрине. Питбульдер жегілетін иттерге жата қоймайды, әрине. Бірақ бақ сынағымыз келді. Жуырда екі жасқа толады. Өзге өңірлердегі жарыстарға да барғымыз келеді. Жарысқа келгендер мықты екен. Шанамен екі шақырымдық жолды еңсереміз.

Ақмарал Есімханова, тілші:

- Айта кетейік, бұл жарыс Павлодар облысында 10 жыл қатарынан өткізіліп келеді. Өңірде жегілетін иттер федерациясының филиалы жұмыс істейді. Сөз соңында жағымды жаңалықпен бөлісе кетейін, қоғамдық ұйым өкілдері осы жылдың мамыр айында «Драйлэнд» атты халықаралық деңгейдегі шараны ұйымдастырмақ. Оған әлемнің елдерінің ит өсірушілері келеді деп жоспарланған. Әзірге ресейлік спортшылар келуге ниет білдірген. Өтініштер қабылданып жатыр.

Сондай-ақ...