430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жедел жәрдем көлігін жүргізуші әйел жұмысын 20 жыл бойы атқарып келеді

  • 159
  • UPD: 09:43, 08.03.2021

Елімізде сан-саланы меңгерген нәзік жанды арулар көп. Соның бірі жедел жәрдем көлігін тізгіндеген Татьяна Вергунова. Ол жауапты қызметті 20 жылдан бері атқарып келеді.

Қыз-келіншектің жедел жәрдем көлігін тізгіндегені қызық. Бұл елордадағы жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі Татьяна Вергунова. Ол 20 жылдан астам уақыт көлікпен қызмет етіп жүр. Мамандығы өзіне ұнайтынын, еш өкінбейтінін айтады. Адам өмірі қыл үстінде тұрғанда жол ережесін бұзуға тура келеді дейді өзі.

Татьяна Вергунова, жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі:

- Шынымды айтсам, жылдамдыққа тыйым салынғанына қарамастан асырып жүруге тура келген жағдай болды. 6-7 айлық сәби моншақ жұтып қойып тұншығып жатты. Ол сәтте баланың өмірінен басқаны ойламадым. Дер кезінде жансақтау бөліміне жеткіздік. Сәби аман қалды. Кейін дәрігерлер 3 минутқа кешіккенде жағдай басқаша болар еді деп, маған алғыс айтып жатты.  

Әріптестері Татьянаны мықты маман ретінде біледі. Көмек керек болғанда қол ұшын созуға даяр тұрады.

«Тіпті ауыр науқасты этаждан түсіруге де тартынбайды, ер адамдармен қатар жұмыс істейді», - дейді әріптестері. 

Татьянаның жүргізуші боламын деген ойы болмаған. Кездейсоқ жедел жәрдем көлігіне отырған. Алғашында жеңіл көліктерді тізгіндеген. Кейін медициналық жедел жәрдем көлігіне уақытша отырып, осы қызметте қалып қойған. Татьяна жұмысты ер азаматқа немесе әйелге арналған деп бөлмейді. Жаның қай саланы қаласа соны істеу керек. Сонда еңбегінің қызығын көресің дейді ол. 

Авторлары: Гүлзия Нақыпқызы, Ербол Дайыров

Хабар 24 телеарнасы