Өрт сөндіру қызметіндегі диспетчер әйелдер елорда тынысын тынымсыз қадағалайды

Елордада өрт сөндіру қызметінде еңбек етіп жүрген қайсар қыздың бірі Жазира Абдықалықова. Ол қаладағы оқыс оқиғаларды алғаш естіп, тез әрекет ететін диспетчер. Бұл салада өр мінезді болу өте маңызды.

Елордада өрт сөндіру қызметінде еңбек етіп жүрген қайсар қыздың бірі Жазира Абдықалықова. Ол қаладағы оқыс оқиғаларды алғаш естіп, тез әрекет ететін диспетчер. Бұл салада өр мінезді болу өте маңызды.

Наргиз Бекмағанбетова, тілші:

- Тілсіз өрт шарпығанда осында қоңырау дабылы келіп түседі. Адам өмірін құтқару үшін арнайы маман жылдам шешім қабылдайды. Қызыл жалынның қайдан шыққанын анықтап, диспетчер дереу топты жібереді.

Бір минут. Қас қағым сәтте адам өмірі күрт өзгеруі мүмкін. Тілсіз жау шарпығанда диспетчерге дабыл қоңырауы келіп түседі. Жауапкершілігі мол шешімді осында 25 нәзік жанды қабылдайды. Жазира Абдықалықованың өрт сөндіру қызметіндегі жұмыс өтілі 11 жылдан асты. Ол таңғы сегізде кезекшілікке түсіп, 24 сағат жұмыс істейді. Тәулігіне шамамен 150-ден астам қоңырауға жауап береді. Ал жаз мезгілінде едәуір көп. Кәсіби маман болса да «910» кодын естуге жүрексінеді. Бұл адам өлімін білдіреді.

Жазира Абдықалықова, күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының диспетчері:

- Ең бірінші мен өрт сөндіру бөлімінен бастадым. Сонда бірінші өрт түнде басталды. Сол кезде қатты қорықтым. Менің санамда машиналар уақытылы бармай, адамдар өліп қалады ма. Шешімді өзіміз қабылдап, мекен-жайға байланысты өрт сөндіру бөлімшелерінің кестесі бар. Соны білуіміз қажет. Жедел жібереміз. Неше жыл өтсе де өрттерде кей жағдайда бала өлімі болады. Жүрегімізден өтеді. Ол жағдайлар оңай емес. Бірақ салқын қандылық танытып, жұмысты жалғастырамыз.

Кейде лаулаған отты сөндіру үшін ондаған техника жұмылдырылады. Олардың әрқайсысында 3 мың литр су болады. Кейде оның өзі жеткіліксіз. Осындай сәтте жүрек қағысы жиілей түседі. Себебі тілсіз жаудың құрсауынан азаматтарымызды аман алып шығамыз ба, жоқ па, соны уайымдаймыз. Әріптестіріміздің де зардап шекпеуі көкейде тұрады дейді ол. Әсіресе жаңадан келген мамандар көз жасқа ерік беріп қояды.

Жанат Баймаканова, диспетчер:

- Бірінші күннен бастап, Жазира бірден қолдады. Жұмыс барысын айтып берді. 5 жыл бойы бірге жұмыс істеп келе жатырмыз. Психолог сияқты қолдап, адамгершілігі зор. 

Авторлар: Наргиз Бекмағанбетова, Ербол Даиров