Елімізде коронавирустан емделіп жатқан 60 адамның жағдайы өте ауыр

Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққан 238 адамның жағдайы ауыр, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, 6 наурыздағы мәлімет бойынша коронавирус инфекциясынан жеті адам көз жұмған. Коронавирус белгісі бар пневмониядан төрт науқас қайтыс болған. Қазіргі мәлімет бойынша 18 838 адам коронавирус инфекциясынан (13 712 КВИ+ және 5 126 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 556 пациент стационарда, 14 282 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жүр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 238 адамның жағдайы ауыр;

• 60 пациенттің жағдайы өте ауыр;

• 38 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.