984 адам шетелден ПТР анықтамасыз ұшып келді

Қазақстанға шет елдерден ПТР анықтамасынсыз 984 жолаушы ұшып келген, деп хабарлады Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті.

7 наурызында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Шри-Ланка, Мальдив Республикасы, БАӘ, Египет, Түркия, Украина, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 25 халықаралық әуе рейсі келді.

4 334 әуе жолаушыларының ішінде ПТР тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 3 350 адам, анықтамасыз 984 ҚР азаматы келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 15 рейс, 2 588 жолаушы, анықтамамен - 2 053, анықтамасыз - 535;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 1 153 жолаушы, анықтамамен - 704; анықтамасыз - 449; Ақтау қаласының әуежайына – 2 рейс, барлық 315 жолаушы анықтамамен келген;

Шымкент қаласының әуежайына – 2 рейс, барлық 278 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша COVID-19-ға ПТР талдау әдісімен тест тапсырды және карантин стационарында сынама нәтижесін күтуде. 2021 жылдың 6 наурызында шетелден анықтамасыз келген 307 ҚР азаматының ПТР талдауы теріс нәтиже көрсетті.