Алматыда әйелдер құқығын қолдау мақсатында митинг өтті

Бүгін Алматыда әйелдер құқығын қолдау мақсатында митинг өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қатысушылар Махатма Ганди саябағына жиналып, Шоқан Уәлиханов алаңына дейін жаяу жүріп өтті. Шеруге жүзден астам адам қатысты. Олар қолдарына отбасылық зорлық-зомбылыққа, қудалауға және ерлермен тең емес жалақыға орай жазылған плакаттар ұстады.

«Біз қоғамымыздың әйелдерге деген көзқарасын өзгертуді қолдаймыз», - дейді белсенділер. Жергілікті билікпен келісілген шеру митингімен аяқталды. Полиция шерудің бүкіл бағыты бойынша тәртіпті қамтамасыз етті. Жақын жерде жедел жәрдем көлігі кезекшілік етті. Ал қатысушыларға антисептикалық құралдар берілді және әлеуметтік арақашықтықты сақтауға шақырылды.