Түркістан облысында заңсыз балық аулаған браконьерлер ұсталды

Түркістан облысының полицейлері заңсыз балық аулаған кезекті браконьерлерді ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Шардара АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті полиция қызметінің табиғатты қорғау полициясының инспекторлары Бекмұхамбет Тенгебаев және Құрманғазы Абдикаликов Шардара су қоймасынан браконьерлер ұсталғаны жөнінде хабарлама жасады.

Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобының қызметкерлері екі браконьердің су қоймасында балық аулайтын ау торымен заңсыз балық аулап жатқанын анықтады. Айғақты заттар тәркіленіп алынды. Сондай-ақ күдікті азаматтар Шардара қаласының тұрғындары болып шықты.

Полиция қызметкерлері күдіктілерді істің барлық мән-жайын анықтау үшін аудандық полиция бөліміне жеткізді. Браконьерлерден 120 келіге жуық балық пен балық аулау құралдары тәркіленді.

Қазіргі уақытта аталған жайт ҚР ҚК-нің 335-бабы 3-бөлігі (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бүгінгі таңда екі күдікті азамат қолхатта.