Шетелден келген 101 азаматта ПТР анықтама жоқ

Елімізге 8 наурыз күні 20 халықаралық әуе рейсімен 2 мың 565 жолаушы келді.

Соның ішінде ПТР сараптамасы жоқ 101 азамат бар. Сондай жолаушылардың үшеуінен 7 наурыз күні қауіпті вирус анықталған еді. Бұл жолы да анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары COVID-19-ға сараптама тапсырып, оның қорытындысын карантиндік стационарларда күтуде. Ал теріс нәтижелі анықтамамен 2 мың 464 жолаушы келген.

Естеріңізге сала кетейік, шетелден келетін азаматтар ПТР тест қорытындысымен ғана ел аумағына жіберіледі.

Сондай-ақ...