Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы: мерейтойлық төсбелгі әзірленіп жатыр

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы құрметіне арналған мерейтойлық медаль тағайындау туралы Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасын дайындады, деп хабарлайды zakon.kz.

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы құрметіне арналған мерекелік медаль туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін», – делінген құжатта.

Сондай-ақ құжатта мерейтойлық медальмен марапаттау ережесі көрсетілген.

Ережеге сәйкес, мерейтойлық медаль Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасының мемлекеттілігін қалыптастыруға, егемендігін нығайтуға және әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосқан шетелдік азаматтарға беріледі.

Мерейтойлық медальмен марапаттауға ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Президентіне Парламент, Үкімет, министрліктер, Қазақстан Республикасының басқа да орталық мемлекеттік органдары, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері, облыстар, сонымен қатар қоғамдық ұйымдар бере алады.

Мерейтойлық медальді Қазақстан Республикасының Президенті табыстайды.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің атынан мерейтойлық медальды:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы;

облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері, сондай-ақ мемлекет басшысы уәкілеттік берген басқа да лауазымды адамдар табыстай алады.

Мерейтойлық медальмен бірге оның құжаты да беріледі.

Құжатты талқылау 25 наурызға дейін ұсынылды.

«Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы құрметіне арналған мерекелік медаль туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы ресми интернет-ресурсында және «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылғандығын хабарлайды. Осыған байланысты Министрлік аталған жобаны талқылауға шақырады», – делінген министрлік хабарламасында.