Алаяқтар қазақстандықтарды банктің атынан алдап жүр

Қазақстандықтарды алаяқтар Halyk Bank атынан қайта алдай бастады.

Бұл жолы олар сауалнамадан өткені үшін жақсы смартфон мен басқа да бағалы сыйлықтар ұсынуда, деп хабарлады stopfake.kz.

«Бейілділік бағдарламасы» аясында Halyk Bank-тің сауалнамаларынан өтіп, IPhone12 pro немесе басқа жүлделерді ұтып алуға болады. Ал банктің Instagram-дағы ресми парақшасында Halyk Bank-тің ешқандай сауалнама өткізбейтіні айтылған, сондай-ақ пайдаланушыларды сақ болуға және өз деректерін үшінші тұлғаларға хабарламауға үндейді.

Айта кетейік, сауалнамалар екі түрлі интернет парақшада орналастырылған, олардың ешқайсысы банктің ресми парақшасы болып табылмайды. Екі сайттағы ұтыстар туралы сауалнамалар мен пікірлер бірдей. Онда жеке мәліметтерге арналған тармақшалар бар. Ал бұл мәліметтерді білген алаяқтар төлем карталарына, жеке аккаунттарға және өз құрбандарының смартондары мен компьютерлерінде сақталған ақпаратқа қолжеткізе алады.

Алаяқтар адамдарды Halyk Bank атынан бұған дейін де алдауға тырысқан. Алаяқтар сауалнамадан өткендердің барлығының картасына ақшалай сыйақы жіберуге уәде берген. Банктің ресми өкілдері мұндай сауалнамалар мен ұтыс ойындарын өткізбейтіндерін бірнеше рет хабарлаған болатын.