433,55 515.14 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлды қалың қар басты

  • 119
  • UPD: 19:10, 09.03.2021

Бірнеше күнге созылған боран солтүстік қазақстандық коммуналдық кәсіпорындарды әбден әбігерге салды. Қаланы қалың қар басып, жауаптылар болса түскен ақ ұлпаны шығарып, үлгірмей жатыр.

Жүргіншілер жолы да уақытылы ашылмайды. Тіпті шаһардың орталық көшелерінде тау болып үйіліп жатқан қарды көруге болады. Олқылықтың орнын толтыру үшін 20 компания екі ауысымдық жұмыс кестесіне көшті. Тәулігіне 300-ден астам техника мен 200-ге жуық азамат жұмысқа шықса да шама әлі жетер емес. Себебі қар әдеттегі мөлшерден бірнеше есеге көп түскен. Жалпы облыс орталығынан бөлек қазір аудандар мен ауылдарда да жағдай мәз емес. Көптеген елді мекендерге көлікпен қатынау мүмкін болмай тұр. 

Әсем Айтолла, қалалық ТҮКШ бөлімінің баспасөз хатшысы:

- Биылғы жылы бізде қар көп жауды. Бір күннің ішінде айлық норма жауған болатын. Сол себептен бізде коммуналдық қызметтер екі ауысым бойынша жұмыс істеуді бастады. Күндізгі уақытта және кешкі оннан таңғы беске дейін жұмыс істейді. Мұнан бөлек бізде қазір су тасқынын алдын алу бойынша жұмыстар басталып кетті. Қаланың барлық шеткі аудандарынан күндізгі 15:00-ден бастап қар шығарылады. Ең алдымен бірінші магистральді көшелер тазаланады. Содан кейін тізім бойынша жасалынады.

Хабар 24 телеарнасы