430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау облысында 2 мың мұғалімге вакцина салынады

  • 181
  • UPD: 19:45, 09.03.2021
Атырау облысында 2 мың мұғалімге вакцина салынады

Атырау облысының мұғалімдері коронавируске қарсы екпе алуға дайын. Өткен аптада мұнайлы өңірге  «Sputnik V» вакцинасының 2 мың дозасы жеткізілген.

Қазір емханаларға таратылып екпе жұмыстары басталды. Бірінші кезекте мұғалімдер мен білім беру саласының басшылары екпе алды. Жалпы облыстағы 11 мыңға жуық ұстаздар қауымы өз еркімен қажетті екпе алады. Ал айдың ортасына қарай тағы да 3600 доза жеткізілмек. Бұған дейін 775 дәрігер мен орта буынды медицина қызметкері осы препаратпен егілген болатын. Екпе жұмыстары барлық аудан орталықтарында да жүргізілді.

Айта кетейік, облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен 9 наурыздан бастап Атырау облысының барлық мектептері оқушыларды қабылдауға кірісті.

Айнагүл Дүйсекенова, облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары:

- Денсаулық басқармасымен бірлесіп Атырау облыстық білім беру басқармасы осы вакцинацияның адам денсаулығына пайдасы туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізген еді. Міне бүгін алғашқы болып ұстаздарымыздың арасынан тізім бойынша кезең-кезеңімен вакцинацияны алу жұмыстарын бастап жатырмыз. Бұл ерікті түрде жүргізілді.

Хабар 24 телеарнасы