433,55 515.14 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздегі халық саны 18 897 898 адамға жетті

  • 224
  • UPD: 21:16, 09.03.2021

Қазақстанда халық саны 18 миллион 897 мың 898 адамға жетті. Өсім 0,11%. Ұлттық статистика бюросының дерегі осындай.

Жалпы былтыр елде 425 мың сәби дүниеге келген. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 5%-ке көп. Ал биылғы туу көрсеткіштері әлі ресми түрде жарияланған жоқ.

Ұлттық статитика бюросының хабарлауынша, жылдық қорытынды сәуір айында белгілі болмақ.

Айта кетейік, пандемияға байланысты кей елдерде туу көрсеткіші күрт төмендегенін айттық.

Нақтырақ айтсақ, былтыр Францияда туу көрсеткіші 13%, ал Италияда 21-%-ке азайған. Кәрі құрлықтағы бала санының азаюын мамандар жаңа қауіпке теңеді. Ал кей сарапшылар қазір жылдың басы болғандықтан алдын ала болжам жасау ерте дегенге саяды.

Хабар 24 телеарнасы