Батыс Қазақстан облысында теміржол қозғалысы Ақтөбеден басқарылады

Батыс өңірдегі теміржол қозғалысы Ақтөбеден басқарылатын болды.

Жаңа орталық бес облысты қамтып, Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облысы мен Қызылордаға тиесілі диспетчерлік пункттердің басын біріктірді. Бұған дейін аталған аумақтарға тиесілі шойын жолдағы пойыздар өз алдына басқарылып келген болатын. Кезекші диспетчер бос жолдар туралы қарапайым телефонмен хабарлайтын. Енді бұл жұмыстардың барлығы автоматтандырылып, орталық жүйеге көшірілді.

Жаңа жоба «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясын цифрландыру бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отыр. Бұған дейін 5 облыста еңбек еткен 200-ге жуық дисчпетчер мамандар отбасымен бірге Ақтөбеге көшіріліп, қажетті баспана мен өзге де әлеуметтік сұраныстары қамтамасыз етілді.