Павлодар облысында 150-ден астам адам омбы қардан шығарылды

Ертіс өңірін де демалыс күндері болған ақтүтек боран төтенше жағдайлар қызметі мамандарын әбігерге салды.

Бұл күндері күш құрылымдарының барлығы күшейтілген режимде жұмыс істеді. Боранды күндері жолдар жабық болғанына қарамастан жолға шыққан азаматтар аз емес. Соның салдарынан 150-ден астам адам қар құрсауында қалып қойды. Олардың 30-ға жуығы бала. Жеңіл көліктер мен жүк машиналары жолдарда сағаттап тұрып қалды. Зардап шеккендер жоқ.

Айдын Қажыбеков, облыстық ТЖД бөлім бастығы:

- Жолда тұрып қалған 103 адам эвакуацияланды. Олардың 11-і бала болып шықты. Жол қызметкерлері қарға батып қалған 76 техниканы шығарып берді. Олардың 65-і жүк көлігі болса, қалғаны жеңіл машиналар. Облыс аумағындағы үш жылыту бекетіне 29 адам орналастырылды. Арасында жеті бала болды.