Павлодарда уақытылы тазаланбаған қар жүріп-тұруға кедергі тудырды

Павлодар тұрғындары қарды уақытында тазаламаған кәсіпкерлік нысандарының әрекетсіздігіне наразы.

Салдарынан көктайғақ болып, тұрғындар мен көлік қозғалысында қиындық туындаған. Осыған байланысты полицияға да шағым көбейді. Мәселен, жыл басынан бері абаттандыру ережесін бұзудың 1100-ден астам фактісі тіркеліпті. Олардың барлығы  жауапкершілікке тартылған. Ал қазір 110-нан астам арнайы техника іске кірісті. Мамандар аулаішілік аумақтар үшін пәтер иелерінің кооперативтері жауапты екенін ескертеді7

Фаина Казанцева, қала тұрғыны:

- Ауланың іші қардан тазаланбайды. Оған қоса кей учаскелерде көктайғақ. Дүкенге барып келудің өзі мұңға айналды. Көлік жүретін аумақ та көк мұз. Бізге, қарттарға қиын.

Жансерік Қапзолла, қала әкімдігі баспасөз қызметінің маманы:

- Аялдама павильондарын және жаяу жүргінші жолдарын, жолдардың жиектерін тазалау үшін 160-тан астам адам жұмылдырылды. Қыс басталғаннан бері полигонға шамамен 500 мың тоннадан астам қар шығарылды. Сондай-ақ көктемгі су тасқыны жағдайын болдырмау мақсатында жеке сектордағы қарлар шығарылды.