Елордада №70 автобустың қозғалыс бағыты өзгерді

Елордада №70 автобустың қозғалыс бағыты өзгерді
фото: astana-akshamy.kz

Нұр-Сұлтанда №70 автобустың қозғалыс бағыты өзгерді.

Бұл туралы Елорда Инфо CTS компаниясына сілтеме жасап хабарлайды.

«Өзгеріс «Комфорт Таун» ТК» соңғы аялдамасындағы бұрылыс бөлігіне ғана қатысты.

Енді автобус Ә.Кекілбайұлы көшесімен жүріп, «Комфорт Таун» ТК» соңғы аялдамасынан оңға бұрылады және одан әрі техникалық тоқтауға (Ф.Оңғарсынова көшесі мен №38 көшесінің қиылысы) барады», - делінген хабарламада.

«Комфорт Таун» ТК» соңғы аялдамасынан шығып, Ұлы дала даңғылынан бұрылады және «Нова Сити» ТК» аялдамасында тоқтайды. Одан әрі бекітілген кесте бойынша қозғалысын жалғастырады.