Алаяқтар зиянды бағдарламалар орнатуды ұсынуда

Алаяқтар зиянды бағдарламалар орнатуды ұсынуда
stopfake.kz

Қазнет пайдаланушылары Kaspi.Kz атынан жіберілетін SMS-хабарламалар туралы ескертуде.

Хабарламаларда қазақстандықтарға банк қосымшасын орнату ұсынылады, бірақ мәтінде көрсетілген сілтеме оны жүктеуге болатын ресми ресурстардың ешқайсысына апармайды, деп хабарлайды stopfake.kz.

Kaspi.Kz ресми қосымшасын AppStore, GooglePlay және AppGallery арқылы жүктеп, орнатуға болады. Банктің ресми сайтында нақ осы платформалар ұсынылған.

Пайдаланушылар қосымшаны бөгде ресурстардан жүктеген кезде төлем карталарының, банктік шоттардың және депозиттердің барлық деректерін үшінші тұлғаларға жіберетін зиянды бағдарламаны орнатуы мүмкін.

Өзіңізді кибералаяқтардан қорғау үшін белгісіз адамдар жіберген сілтемелер арқылы өтпегеніңіз абзал. Ешбір жағдайда үшінші тұлғаларға құпиясөздерді, пин-кодтарды, SMS-кодтарды және банктік шоттарыңыз туралы өзге ақпаратты хабарлауға болмайды. Сондай-ақ банк қызметкерлері клиенттерден телефон арқылы немесе кездесу кезінде осындай ақпарат ұсынуды сұрауға құқысыз.