433,15 516.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елорда орталығындағы ғимараттан 200 адам эвакуацияланды

  • 107
  • UPD: 16:04, 10.03.2021
Елорда орталығындағы ғимараттан 200 адам эвакуацияланды

Нұр-Сұлтан орталығындағы әкімшілік ғимараттан шыққан түтін салдарынан 200-ге жуық адам эвакуацияланды, деп хабарлады Tengrinews.kz.

Елордалық ТЖД баспасөз қызметі мәліметіне сүйенсек, сағат 13:30-да Қабанбай батыр 17 мекенжайынан шұғыл шақырту түскен. 26 өртсөндіруші мен 5 арнайы техника оқиға орнына жіберілген.

«Өртсөндірушілер көлік тұрағындағы электр қалқанды сымдардың тұйықталуы салдарынан қою түтін шыққанын анықтады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға болған жерге жеткенге дейін әкімшілік ғимараттан 200-ге жуық адам эвакуацияланды, сондай-ақ бір Audi көлігі қауіпсіз жерге шығарылды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Хабар 24 телеарнасы