Елімізде қант бағасы неліктен қымбаттады

Жыл басынан бері екі ай ішінде қант құнының өсуі 3,5% құрады (өткен жылдың ұқсас кезеңінде бағаның 3,5%-ке төмендеуі байқалды). 

Қант Шымкент қаласында 14,7%, Қарағандыда 11,1%, Ақтауда 10%, Талдықорғанда 5,1%, Таразда 4,6%, Орал мен Павлодарда 4%, Жезқазғанда 3,6% қымбаттады. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бағалық сөз байласу белгілерінің болуына байланысты 2 көтерме жеткізушіге бағаларды төмендету туралы хабарлама жіберілген. Хабарлама бір ай мерзімде орындалмаған жағдайда монополияға қарсы орган Кәсіпкерлік кодекске сәйкес тергеп-тексеруге бастамашылық жасайды.

Сонымен бірге бағаның күрт өсуіне бірқатар фактор әсер етті. Бұл ішкі нарықты 60% қамтамасыз ететін ресейлік және белорустық өндірушілердің өнімдерді жеткізушілер бағаларының өсуі.

Қазіргі кезде Ақсу және Меркі қант зауыттары (Алматы және Жамбыл облысы) маусымның аяқталуына байланысты өз өндірісін уақытша тоқтатты.

Сондай-ақ...