БҚО-да 200-дей жүк көлігі жолда қалды

Бұл «Самара-Шымкент» автомагистарлінің бойы.

Қолайсыз күн райына байланысты қазір Жымпиты ауылы мен Ақтөбеге дейінгі аралық жабық. Төтенше жағдай қызметі тек Ақтөбе облысына қарай бағыттағы жолды ғана ашқан. Қазір тек осы бағытқа бара жатқан жүк көліктері жүре бастады. Жолда қалған көліктерді шығаруға құтқарушылар мен арнайы техникалар жеткен. Ал жүргізушілер Жымпиты ауылындағы жылы бекетке орналастырылды.

Нұрлан Таубеков, ТЖД бастығының орынбасары:

– Кептелісте шамамен 300-дей фура және 50 жеңіл автокөлік тұрды. Құтқарушылардың ауа райының нашарлауы туралы ескертуіне қарамастан көліктер жолға шығып кеткен болатын. Бүгінгі күнде кептелісте 175 ауыр жүк көлігі тұр. Жеңіл көліктердің бәрі шығарылып жөнелтілді. Аралары шамамен 10 шақыырымдай болады. БҚО ТЖД авариялық құтқару қызметінің күшімен жұмыс жалғасуда.