433,15 516.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бүгін де күн бұзылады – синоптиктер

  • 147
  • UPD: 18:42, 10.03.2021
Бүгін де күн бұзылады – синоптиктер

Кешелі елдің көп аймақтарында күн райы құбылып тұр.

Соған қарамастан тәуекелге бел байлап, жолға шығатын азаматтар бар. Өткен тәулікте мамандар боранда жолда қалған 100-ден аса адамға көмек көрсеткен. Омбы қардан 64 көлікті алып шықты. Синоптиктер бүгін де күн бұзылатынын ескертеді. Осы себепті 14 өңірде ескерту жарияланды. Республикалық және облысаралық жолдардың 56 учаскесі жабылды. Атап айтсақ, Ақмола, Қостанай, Ақтөбе, Солтүстік, Шығыс және Батыс Қазақстанда көлік қозғалысы ішінара шектелді. Қазір шұғыл көмек беру үшін елде 700-ден аса маман және 463 техника дайындалған.

Талғат Уәли, ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі:

– Ал әлеуметтік желіде мына видео көптің қызу талқысына түсті. Автордың айтуынша, бейнежазба бүгін таңғы 10-дар шамасында Нұр-Сұлтан-Теміртау трассында түсірілген. Жол бойы табандатпас тайғанақ. Ол осы әрекеті арқылы жолдардағы жағдайды жеткізбек болған. Құзырлы орган әзірге аталған видеоға қатысты пікір білдірмеді.

Хабар 24 телеарнасы