433,15 516.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында мұғалімдер мен полиция қызметкерлері екпе салдырып жатыр

  • 167
  • UPD: 18:49, 10.03.2021
Түркістан облысында мұғалімдер мен полиция қызметкерлері екпе салдырып жатыр

Түркістан облысында мұғалімдер мен полиция қызметкерлері коронавирусқа қарсы екпе салдырып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Наурыз айынан бастап 600-ге жуық қызметкер вакциналаудан өткен. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мамандарының айтуынша, барлығының денсаулығы жақсы. Дәрігердің көмегіне жүгінгендер жоқ.

Айта кетейік, жақында өңірге ресейлік «Спутник V» вакцинасының 9 мыңнан аса дозасы әкелінген. Енді тағы да 8 мыңнан аса дана екпе жеткізіледі.

Мейірбек Әділбеков, қалалық Адами әлеуетті дамыту бөлімінің қызметкері:

– Мен вакцина алдым, қорыққан жоқпын. Өзімді жақсы сезінемін. Біз вакцина алуымыз керек. Себебі мұғалімдер балалар мен ата-аналармен тікелей жұмыста боламыз. Сондықтан біз вакцина алуымыз керек деп ойлаймын.

Нұрхан Нарымбетова, облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

– Түркістан облысында 6 мыңға жуық мұғалім бар. Солардың ішінде 18-ден 60 жасқа дейінгілердің бәрі вакцина алады. 60 жастан асқан адамдар мен жүкті және емізулі әйелдер болмауы керек.

Хабар 24 телеарнасы