Ақмола облысында 300-ден астам ұстаз вакцина салдырды

Ақмола облысында мұғалімдер де екпе ала бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазірдің өзінде 300-ден астам ұстаз вакцина салдырып үлгерген. «Күніне көптеген адаммен қарым-қатынаста болатын білім саласының мамандары, біз үшін бұл өте қажет», - дейді олар. Айта кетейік, өңірде осыған дейін дәрігерлер мен полицейлер де екпе алған болатын. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, 200-ден астам тәртіп сақшысы мен 700-ге жуық медицина қызметкері егілген. Олардан бөлек 120 адам өз еркімен профиликтикалық шарадан өткен. Мамандардың айтуынша, әзірге ешкімнен кері әсер байқалған жоқ. Алдағы уақытта аймаққа тағы 100 мыңға жуық екпе әкелініп, халықты ерікті түрде егу жұмыстары басталмақ.

Гүлнәр Әбдіқасымова, мұғалім:

– Біз күнделікті әріптестерімізден бастап балалар және ата-аналармен тығыз байланыста боламыз. Сондықтан, бізге міндетті түрде вакцина алу керек. Қазір жағдайым өте жақсы. 21 күннен кейін екінші кезеңін өтеміз. Бәрі жақсы болады деп ойлаймын.