433,15 516.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлда былтыр пайдалануға берілген үй әлі күнге дейін кәріз жүйесіне қосылмаған

  • 132
  • UPD: 22:14, 10.03.2021

Петропавлда жаңадан салынған тұрғын үйге инфрақұрылым толық тартылмай тұр.

Былтыр жыл ортасында пайдалануға берілген тоғыз қабатты ғимарат әлі күнге дейін кәріз жүйесіне қосылмаған. Жарық та заңдастырылмаған.

Сәбира Оспанова 77 жасында 7-қабатқа осылай көтеріліп түседі. Лифт істемейді. Зейнеткер бұл үйге өткен жылдың тамызында көшіп келген. Содан бері көрген күні осы. Басқа да шешілмеген мәселелер бар.

Сәбира Оспанова, қала тұрғыны:

– Жарық берген жоқ. Уақытша берді. Енді лифт жоқ. Канализация дұрыс істемейді. Оны дұрыс жасамаған дейді. Қазан айынан бері анда жүгіреміз, мында жүгіреміз. Қағаздарды жазамыз. Ешқандай көмек болған жоқ бізге.

Көпқабатты тұрғын үйді жекеменшік құрылыс компаниясы салған. Ал мемлекет есебінен инфрақұрылым тартылуы тиіс. Бірақ бұл жұмыс созылып кеткен. Қазір су, кәріз жүйесі құжат жүзінде пайдалануға берілмей тұр.

Дмитрий Кадун, тұрғын үйді басқарушы компаниясының басшысы:

– Бұл коммерциялық нысан. Сондықтан кәсіпкер пәтерлерді тез – тез сатып жіберген. Ал инфрақұрылым тартылмаған. Қазір сорғы станциясы тағы да сынып, жертөле суға толды.

Тұрғындар қалалық әкімдікке шағымданған. Бірақ тұшымды жауап ала алмапты. Шенеуніктер бар кінәні құрылыс компаниясына артып отыр. Олардың айтуынша, кәсіпкер пәтерлерді инфрақұрылым тартылмай тұрып сатып жіберген.

Асқар Хабибулин, қала әкімінің орынбасары:

– Бұл үйдегі бірінші мәселе – жарық. Қазіргі кезде құжаттар «Аксэсэнергода» жатыр. Әкімдік жағынан құжаттар дайын.

Судың шешімі осы. Ал кәріз жүйесінің қашан пайдалануға берілетіні белгісіз. Соған қарағанда шындық жердің астындағы құбырларда жатқан сыңайлы...

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Төлеген Иманов

Хабар 24 телеарнасы