Қазақтелекомның жаңа жобасы жарыққа шықты

«Қазақтелеком» «ТВ +» жобасын іске қосты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Платформа жаңа заманауи гибридті кешен негізінде құрылған. Елімізде танымал интерактивті ТВ-алаңның пайда болуы қазақстандық контенттің дамуына серпін бермек. Бұл жаңашылдықтағы артықшылық – «ТВ+» жобасы арқылы қалаған бағдарламасын ешкім өткізіп алмайды. Жаңалықтар топтамасын немесе сүйікті сериалыңызды қалаған уақытта көре аласыз. Бұл отандық жобалардың алды болатынына ұйымдастырушылар сенімді. Себебі шетелде бұрыннан бар тәжірибе. «Қазақтелеком» мамандары кең ауқымды талдау жүргізіп жаңа жобаның нобайын толық дайындаған. Бүгінгі таныстырылымға ҚР ақпарат және даму министрі Аида Балаева өзі қатысып ризашылығын білдірді. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай халыққа қажетті тұшымды дүниелер ұсыну өте құптарлық іс екенін атап өтті.

Игорь Погребицкий, «Қазақтелеком» АҚ Бөлшек бизнес бөлімінің бас директоры:

– Біз бұл жобаны ертерек қолға алушы едік. Енді елде болған пандемия жағдайына байланысты бар ауқымды жұмысты кейінге шегеруге тура келді. Дегенмен біз бұл жобаны бірегей етіп жасап шығардық. Қазір қолдануға толық мүмкіндік бар. Оны смартфонға немесе үйдегі телевизорға жазып алуға болады.