Депутаттар Ұлттық ұланның жұмысымен танысты

Ұлттық ұланның жедел әскери бөлімдері ішкі істер органдарымен бірлесіп, республиканың 19 қаласында қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысып келеді.

Патрульдік-күзет қызметін атқару үшін күн сайын 5 мыңнан астам әскери қызметші бөлінген. Биыл Ұлттық ұлан екі мыңға жуық құқық бұзушыны ұстаған. Бүгін Мәжіліс депутаттары Ұлттық ұланның қызметімен танысты.  Жиында «ҚР Ұлттық ұланы туралы» Заңын іске асыру мәселесі талқыланды. Комитет төрағасы Айгүл Құспанның басшылығымен өткен отырысқа комитет мүшелері, Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев, және Ұлттық ұланның лауазымды тұлғалары қатысты. Отырысты ашқан Айгүл Құспан ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша елдің күш құрылымдарымен осындай іс-шараларды үнемі өткізіп тұратынын айтты.