Еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, көктайғақ болады

Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге, кей жерлерде 28 метрге дейін жетеді.

Түркістан облысында қар аралас жаңбыр жауады. Тұман мен көктайғақ болып, жолдағы қозғалыс қиындауы мүмкін. Алдағы күндері өңірде сынап бағанасы күрт төмендеп, аяз күшейеді.

Қатты жел мен аяз Қарағанды, Павлодар, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында да байқалады. Бұл аймақтарда сынап бағанасы минус 30 градусқа дейін төмендейді. Ал желдің екпіні секундына 28 метрге дейін жетеді. Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облыстарында да қатты жел болады. Шығыс Қазақстанда тұман мен көктайғақ болады деп болжанды.

Аталған аймақтарда ауа райы туралы ескерту жарияланды.