433,15 516.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бірқатар өңірде ауа райына байланысты жолдар жабық тұр

  • 148
  • UPD: 07:32, 11.03.2021
Бірқатар өңірде ауа райына байланысты жолдар жабық тұр

Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздегі жолдар жабылып жатыр. Әсіресе Павлодар қаласынан Успенка және Шарбақты елді мекендеріне шығатын бағыттарда қозғалыс толық тоқтатылды.

Осы облысқа қарасты Омбы-Майқапшағай және Ленинский-Ертіс тас жолдарында да шектеу қойылды. Жезқазған мен Петропавл тас жолының екі учаскесі жабық. Бұған қоса Өскемен-Алтай бағытында қозғалысқа шектеу қойылған аумақтар бар. Самара-Шымкент тас жолының Ақтөбе облысына қарасты учаскелері көліктің барлық түрі үшін жабылды. Толық ақпаратты «ҚазАвтоЖол» компаниясының ресми сайтынан немесе байланыс орталығынан біле аласыз.

Хабар 24 телеарнасы