432,26 519.25 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нұр-Сұлтанда балабақшалардың кезекші топтарында бала санын ұлғайтуға рұқсат етілді

  • 160
  • UPD: 11:02, 11.03.2021
Нұр-Сұлтанда балабақшалардың кезекші топтарында бала санын ұлғайтуға рұқсат етілді

Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова 2021 жылғы 3 наурыздағы шектеу және карантиндік шаралар туралы қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу жайлы құжатқа қол қойды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Өзгерістерге сәйкес, балабақшалардағы балалар санын 15-тен 25-ке дейін көбейтуге рұқсат етілген.

«Меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдарда кезекші топтардың жұмысын ұйымдастыруды, әр топта 25 баладан артық емес толтырумен, жаңа кезекші топтарды ашуға тыйым салумен, санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық, карантиндік шараларды қатаң сақтау арқылы және жұмыс күндері сағат 07:30-дан 18:30-ға дейін жұмыс кестесін белгілеумен және демалыс күндері жұмыс істеуіне тыйым салумен қамтамасыз ету қажет», – делінген қаулыда.

Сол сияқты жалпы білім беретін мектептерде 1-ден 5 сыныпты қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1-ден 7 сыныпты қоса алғанда, балалар саны 25 адамнан аспайтын аралас форматта оқыту жүргізіледі.

Елордада карантинге қатысты жаңа қаулы жарық көрді.

Хабар 24 телеарнасы