432,26 519.25 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда діни нысандардың қалай жұмыс істейтіні айтылды

  • 206
  • UPD: 12:32, 11.03.2021
Алматыда діни нысандардың қалай жұмыс істейтіні айтылды

Алматы қаласы Дін істері басқармасы басшысының орынбасары Ерғали Көшеке мен Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай Алматы қаласының эпидемиологиялық жағдай бойынша «қызыл» аймаққа көшуін ескере отырып, діни нысандардың жұмысы туралы айтып берді.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 10 наурызынан бастап Алматы қаласы коронавирустың таралу қарқыны бойынша «қызыл аймақта» тұр. Осыған байланысты Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері (10.03.2021 №9) «Алматы қаласында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу бойынша шараларды күшейту туралы» жаңа қаулы шығарды, ол осы жылдың 13 наурызынан бастап күшіне енеді.

Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауын ескере отырып, шектеу шаралары діни нысандарға да қатысты болады. Атап айтқанда, ғибадат нысандарының ғимараттарында әлеуметтік арақашықтықты (кемінде 2 м) және басқа да санитарлық нормалардығ атап айтқанда, маска режимін, дезинфекцияны және т.б. қатаң сақтай отырып, тек жеке құлшылық ету рәсімдерін (ұжымдық рәсімдерсіз: жұма намазы, жексенбілік қызметтер және т.б.) өткізуге рұқсат етіледі.

Өз кезегінде діни бірлестіктердің басшылығы діни рәсімдерді өткізу үшін санитарлық нормаларға сәйкес келетін барлық жағдайды қамтамасыз ету жөнінде тиісті шаралар қабылдауы қажет:

  • Ғимаратқа кіру кезінде келушілердің температурасын өлшеу;
  • Бетпердесіз азаматтарды кіргізбеу;
  • 2 м кем емес аралықпен діни бірлестіктер аумағында арнайы жазылған белгілер жасау;
  • іргелес аумақты таза ұстауды қамтамасыз ету.

«Сонымен қатар қаламыздың діни бірлестіктері  басшылары мен діндар жамағаттан осы уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауларын сұраймын. Біз мұндай шектеулермен бірінші рет тап болып отырған жоқпыз және барлығымыз біргелікте бұл қиындықты біргелікте жеңеміз деп сенемін. Сондай-ақ Дін істері басқармасының қызметкерлері СЭС және құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірлесіп қаланың діни ғимараттарында санитарлық нормалардың сақталуына мониторинг жүргізетінін атап өткім келеді», – деді Алматы қаласы Дін істері басқармасы басшысының орынбасары.

Дін істері басқармасының қызметкерлері Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметтерімен және құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірлесіп қаланың ғибадат ғимараттарында санитарлық нормалардың сақталуына мониторинг жүргізетін болады.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы