Алматы тауларында қар көшуі мүмкін

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті таулы аймақтарда қар көшкіні болу қаупі жоғары екенін хабарлайды.

Қалада түнімен қар аралас жауын жауды. Сондай-ақ таудағы қардың еруіне байланысты көшкін Үлкен және Кіші Алматы өзенінің аңғарларында жүруі ықтимал. Жыл басынан бері қаланың таулы аймақтарында 36 көшкін болған. Сондықтан Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары тауға серуенге бару қауіпті екенін ескертеді.