Алматыға ПТР анықтамасыз келген өзбек азаматы депортацияланды

Өткен тәулікте Алматы қаласының әуежайында Өзбекстан азаматы депортацияланды.

Ол елге Қырғызстаннан ПТР анықтамасыз келген. Сол күні республика аумағына  22 халықаралық әуе рейсімен 2 мың 972 жолаушы келді. Оның 347-інде теріс нәтижесі бар арнайы құжат болмаған. Енді олар сынама тапсырып, оның қорытындысын карантиндік стационарларда күтеді.