429,67 515.14 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шалқар көлінің түбін тазарту жұмысы басталады

  • 145
  • UPD: 15:04, 11.03.2021
Шалқар көлінің түбін тазарту жұмысы басталады

Шалқар көлінің түбін тазарту жұмысы басталады.

Бұл жөнінде экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Twitter парақшасында жазды.

«Ақтөбе облысындағы Шалқар көлінде жағдай қиын. Соңғы жылдары су арнасы тартылып, түбі кептеліп қалған. Бұл климаттық жағдайларға байланысты, себебі Мұғалжар тауларында жауын-шашын аз түсуде, қыста қар аз», - деп мәлімдеді ол.

Ведомство басшысының сөзінше, аймаққа комиссия барып, қар қорының қалыңдығы соңғы 10 жылда орта есеппен 34 мм-ді құрағанын анықтаған.

«Бұл ортакөпжылдық көрсеткіштен 20 мм-ге аз. Ал қар қоры өзендер мен көлдерді негізгі сумен қамтамасыз етуші болып табылады. Біз биыл көлдің түбін тазалау жобасын бастаймыз. Қажетті қаржы бөлініп жатыр. Шара көлдегі судың сапасын, гидромихиялық құрамын жақсартуға, Шалқар қаласын шаруашылық-тұрмыстық сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді» - деген М.Мырзағалиев.

Хабар 24 телеарнасы