Қазақстанда биыл 200 жаңа мектеп ашылады

Бюджеттен көзделген қаражат шеңберінде 2021 жылы 200 жаңа мектеп есігін айқара ашады.

Соңғы екі жылда елімізде 41 мың оқушыға арналған 126 жекеменшік мектеп ашылды. Бұл бұған дейін ашылған жекеменшік мектептер санынан 2 есе көп.

ҚР БҒМ әкімдіктермен бірлесіп 800 мектептің құрылысы бойынша Жол карталарын әзірлеп жатыр. Ол үшін 4 механизм қолданылады:

- мемлекеттік-жекеменшік әріптестік;

- жекеменшік мектептер желісін дамыту;

- мемлекеттік бюджеттен нысаналы құрылыс;

- модульдік конструкциялардан мектептер салу.

2025 жылға дейін 5000 мектептің инфрақұрылымы жаңартылады. Бұл дегеніміз – балаларға қауіпсіз және қолайлы жағдайларды жасау, жоғары жылдамдықты интернетпен, пәндік кабинеттермен қамтамасыз ету, мектеп жиһаздарын жаңарту, мектеп кітапханалары мен асханаларын жаңарту, күрделі және кешенді ағымдағы жөндеу жүргізу.