424,64 503.77 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Республикалық және облыстық маңызы бар жолдар жабылып жатыр

  • 220
  • UPD: 08:38, 12.03.2021
Республикалық және облыстық маңызы бар жолдар жабылып жатыр

Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық және облыстық маңызы бар жолдар жабылып жатыр.

Мәселен, дәл қазір Солтүстік Қазақстан облысында барлық бағыттағы қозғалысқа шектеу қойылған. Бұған қоса, Нұр-Сұлтан-Петропавл, Көкшетау-Атбасар, Щучинск-Зеренді бағытары мен Алматы-Екатеринбург тас жолының кейбір учаскелері барлық көлік түрі үшін жабық. Жезқазған-Петропавл тас жолының Қостанай облысына қарасты аумақтарында көлік қозғалысына тыйым салынды. Еліміздің батысы мен шығысында да уақытша жабылған жолдар бар. Толық ақпаратты «Қазавтожол» компаниясының ресми сайтынан немесе байланыс орталығынан білуге болады. 

Хабар 24 телеарнасы