Алматы облысының аумағында 37 ғимарат заңсыз салынған

Кейінгі екі жылда Алматы облысының аумағында 37 ғимарат заңсыз салынғаны анықталған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың дені үйлер мен техника жөндеу орталықтары,тамақтану орындары және дүкендер. Құжатқа немқұрайлы қараған мекеме иелерін мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының мамандары сотқа берген. Құзырлы орган өкілдерінің шешіміне сәйкес рұқсатсыз тұрғызылған нысандардың бірқатары бұзылды. Алдағы уақытта тағы бірнешеуі сүрілетін болады. Солардың қатарында Талғар ауданы Гүлдала ауылындағы өндіріс орны да бар. Бетон зауыты әуежайдың санитарлық қорғау аймағында тұрғызылған екен. Айта кетейік, 2019 жылы ол жерге ұшақ құлап, 12 адам қаза тапқан болатын. 

Данияр Әбдібеков, облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы:

- «Жиһан бетон» заңсыз құрылысы анықталды. Бүгінгі күні сот шешімі шықты. Қазіргі уақытта сот орындаушылар оны бұзуға дайындық жасап жатыр. Биылғы жылы заңсыз салынған 4 ғимарат анықталды. Екі ғимарат Талдықорған қаласында екі ғимарат Талғар ауданында. Олар да сот шешімі шыққаннан кейін бұзылады.

Сондай-ақ...